Mustafin Magazine Logo
loupe

Реклама

  1. Главная
  2. arrow-right
  3. Люди
  4. arrow-right
  5. Истории
img
arrow

20.08.2025

Фото: Коллаж Mustafin Magazine

Текст: Жангир Джангильдин, Жансая Жолдасова

На русском

Q-Rock: жаңа музыкалық жанрды қалыптастырушылар кімдер

Kezén, Uide және Dóreki! топтары қазақстандық рок-сахна жайлы баяндайды

Қазақстанның музыкалық кеңістігінде қазақ тілді рок-топтар саны артып келеді. Бұл қозғалыс 2020 жылдың басында басталған еді. Әзірге q-rock андеграунд шекарасында қалып жатса да, кейбір топтар ірі фестивальдерге қатысып, тыңдарман жинауда. Алдағы бірнеше жыл ішінде жанр өзіндік ерекшеліктері, тұрақты аудиториясы мен қосалқы бағыттары бар дербес музыкалық ағымға айналуы ықтимал.

Mustafinmag авторы назар аударуға тұрарлық – Kezén, Uide және Dóreki! топтарымен сұхбаттасты. Ұжым мүшелері шығармашылықтары мен концепциялары жайлы сөз қозғап, қазақ тілді рок-сахнаның болашағы жөнінде пікірлерімен бөлісті.

Kezén

Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Құрылуы

Мади, Думан және Нұрбек 2022 жылы танысты. Алғашында олар сүйікті топтарының каверлерін орындап жүріп, жеке туындыларын да жазуға талпынған. Бір күні дайындық кезінде Сұлтан келіп, кезінде досымен бірге жазған тректі ойнап көруді ұсынады. Осылайша ол топ мүшесіне айналды. Бір жылдан кейін оларға соло-гитарист Сұлтанбек қосылды.

Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Концепция және дыбыс

Топтың рокты таңдау себебі – олар үшін бұл жанр эмоцияларды жеткізудің ең шынайы, әрі әсерлі тәсілі. Сондықтан ұжым бұл жанрға еркіндік үшін келді. Kezén-нің әндері олардың өмірлері жайлы: олар әртүрлі тақырыптарды қозғайды және әрқайсысы музыканы өзінше түсінеді.

Сұлтанбек Малесов

Соло-гитара

“Рок – бұл ішкі қайшылық жайлы, әрқашан ұқыпты жеткізуге келмейтін эмоциялар туралы. Ол – дөрекі, бірде жарылғыш, бірақ еркін, және де ол бізге қатты жарасады. Дәл осы музыка арқылы біз өзімізді шынайы сезінеміз.”

 Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

 Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Алғашқы қадамдар

Алғашқы уақытта ұжымға барлық қатысушылардың арасында түсіністікке қол жеткізу қиынға соқты. Бұл мәселе ән жазу үдерісін жиі келіспеушілікке дейін жеткізетін, бірақ ортақ іске деген махаббат бәрінен күштірек еді.

Мади Бакиров

Гитара

“Уақыт өте келе біз жақындасып кеттік. Қарым-қатынасымыз жәй ғана аспапта ойнауға келетін жігіттерден де арта түсті.”

Ұжым үшін ең есте қаларлық сәт – басқа қалаға алғашқы сапарлары, Астанадағы Youth Fest болды. Өздерінің жайлы, үйреншікті дайындық бөлмесінен олар бірден адамдарға лық толы стадионға шықты. Бірнеше нота орындалған соң-ақ, топ шабыттанып, толқуларын бірден ұмытты.

Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Қазақ тілді рок-сахна туралы

Думан Каримов

Бас

“Қазақ тілді рок-сахнаны сипаттау өте қиын, себебі барлығы енді ғана қалыптасып жатыр. Иә, сөзсіз қазірдің өзінде біздің роктың өзіндік белгілері мен айрықша ерекшеліктері бар, бірақ менің түсінігімде – олар әлі жеткілікті айқын емес.”

Kezén ұжымы q-rock қазірдің өзінде индустрияның дамуына өлшеусіз үлес қосып жатыр деп санайды. Ірі алаңдардың ұйымдастырушылары рок-ансамбльдерді өнер көрсетуге шақыра бастады, ал жанр мен сахна өсіп, жаңа орындаушылар мен жаңа дыбыс пайда болуда.

Uide

Instagram / saumphoto

Instagram / saumphoto

Құрылуы

Бұл ұжымның тарихы да 2022 жылы экс-вокалист Рахымның “Дом” деп аталатын тобынан басталады. Қазіргі Uide құрамынан сол кезде тек барабаншы Алина болды, ал әндердің мәтіндері орыс тілінде еді. Уақыт өте келе топ қазақ тілді лирикаға көшіп, құрамы да, әуені де өзгерді.

Instagram / saumphoto

Instagram / saumphoto

Концепция және дыбыс

Uide-нің концепциясы өте қарапайым: әртістер жақсы музыка жасауға ұмтылады. Барлығы  секілді олар да өздерін толғандыратын тақырыптар мен сезімдерін әндеріне арқау етеді.

Константин Корнеев

Бас, бэк-вокал

“Алайда негізгі бір мотивті бөліп айтуға болады – ол “үйді іздеу”, бұл сөздің кең мағынасында. Әрқайсымыз үшін ол – өзіндік ізденіс болуы мүмкін.”

Кейбір әріптестері Uide шығармашылығынан шабыт алып, өз топтарын құрғандарын айтқан. Бұл ұжым үшін ерекше құнды, себебі бірнеше жыл бұрын қазақша рок лайн-ап жинау өте қиын болса, қазір мұндай концерттер тұрақты түрде өткізіледі.

Instagram / saumphoto

Instagram / saumphoto

Алғашқы қадамдар

Константин Корнеев

Бас, бэк-вокал

“Басында қай жерде өнер көрсетуге болатынын жөнді білмедік. Алғаш сахнаға шығуымыз, тіпті, ашық микрофонда болды. Төрт ән айттық, ал бас гитараны уақытша музыкант ойнады. Біздің шын мәнінде бірінші концертіміз PINK NOISE шоукейсі еді – бәрі сол сәттен басталды.”

Ұжымға ерекше есте қалған екі концерт бар. Біріншісі – 2023 жылдың тамыз айында Lenore-де. Ол кезде Uide ең үлкен құраммен өнер көрсетіп, алғаш рет сахнадан “еңбектеп кетулеріне” тура келді. Екінші шоу – өткен жылдың соңында Molto Loud-пен бірге ұйымдастырылған концерт. Бұл өнер көрсету өте эмоцияға толы болды, себебі ол топтың бұрынғы вокалистімен қоштасу концерті де болатын.

Instagram / saumphoto

Instagram / saumphoto

Қазақ тілді рок-сахна туралы

Константин Корнеев

Бас, бэк-вокал

“Біздің сахнаның өз тыңдарманы бар, бірақ оның әлеуеті әлі толық ашылған жоқ. Қазір қазақша рок өз пішінін, өз үнін табуда. Сахна дамып келеді: жаңа топтар, жаңа ұйымдастырушылар, алаңдар пайда болуда. Ішкі жағынан бұл үдеріс қарқынды, бірақ әзірге біршама жүесіз және үлкен индустриядағы адамдарға көзге түскен жоқ.”

Сондықтан бұл жанрда әзірге барлығы дерлік DIY қағидасына негізделген: ән жазу, өңдеу, ұйымдастыру және ілгерілету ісімен музыканттардың өздері айналысады. Бұл тіпті өңірлік турға шығатын жеткілікті деңгейді танымал ұжымдарға да тән құбылыс.

Dóreki!

Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Құрылуы

Топ құру идеясы жігіттерде алғаш рет 2018 жылы, олар сегізінші сыныпта танысып, бір мектепте оқып жүрген сәтте пайда болды. Алайда, бүгінде бәріне таныс Dóreki! тек 2022 жылы ғана құрылды.

Сол кезде олардың басты мақсаты – жастар арасында қазақ тілін заманауи әуезді музыка арқылы кеңінен тарату болатын. Инди-роктың жанкүйерлері ретінде олар қазақ тілінде соған ұқсас музыка жазғысы келді.

Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Концепция және дыбыс

Ерсултан Сатуев

Гитара, вокал

“Қазіргі таңда біз адамдарға шығармашылық тек қана үлкен лейблдер мен студиялар туралы емес екенін көрсеткіміз келеді. Ол үйде смартфон құлаққаптарымен жазылған қарапайым лоу-фай жазбалар да бола алады. Бұл да шығармашылық, және өзіңді қандай да бір шектеулерге қамап қоюдың қажеті жоқ.”

Өз тректері арқылы Dóreki! Алматының қарапайым жігіттерінің көзқарасымен үлкен қала өмірінің атмосферасын жеткізгісі келеді. Әндер жігіттердің көңіл-күйлері көтеріңкі немесе керісінше онша емес сәттерінде, эмоциялық толқыныстарында жазылады.

Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Алғашқы қадамдар

Ерсултан Сатуев

Гитара, вокал

“Алғашқы EP-імізді шығарған кезде біз әлі мектепте оқитынбыз және түнгі кезекшілікпен жұмыс істейтінбіз. Мектептен кейін шаршаған, қарнымыз аш күйімізде Думанға баратынбыз. Айтпақшы, алғашқы екі үнтаспамыз толығымен BandLab-та телефонға жазылған.”

Концерттен кейін орыс тілді тыңдармандар келіп, қазақ тілін үйренгілері келетінін айтатын. Жуырда ғана Dóreki! Әділхан Ержановтың алдағы уақытта жарық көретін “Казахские страшные сказки” телехикаясына саундтрек жазды.

Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Топтың жеке мұрағатынан алынған сурет

Қазақ тілді рок-сахна туралы

Ерсултан Сатуев

Гитара, вокал

“Біз жанрдың дамып келе жатқанына қуаныштымыз: жаңа топтар, түрлі дыбыстар пайда болуда. Бірақ, жалпы алғанда, жанрға дара болуды тілейміз.”